WorldSkills Lyon - 2024

WorldSkills Lyon - 2024 әлемдік кәсіби шеберлік чемпионатының жүлдегерлерін қарсы алдық. Жалпы командалық есепте еліміз 69 мемлекет арасында 6 үздік медальон және «Ұлттың үздігі» номинациясы бойынша бір марапат жеңіп алды. Біздің колледжіміздің студенті Михаил Попов «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша медальон иегері атанды. Тұрғанқұл Бексұлтан "Дәнекерлеу технологиялары" құзыреті бойынша 38 қатысушы елден үздік жиырмалыққа кірді.

Чемпиондарымызды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!!! Баршаңызға зор денсаулық пен амандық, жаңа білім мен тәжірибе іздеуде табыс, кәсіби даму үшін жаңа мүмкіндіктер тілейміз!!!