Оқу - әдістемелік бірлестік


Алматы қаласы Білім басқармасының КМҚК "Алматы құрылыс-техникалық колледжіне" қарасты Оқу-әдістемелік бірлестік (бұдан әрі-ОӘБ) ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 509 "Бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметі туралы ережені бекіту туралы" бұйрығымен келесі мамандықтар бойынша:
ОӘБ төрағасы колледж директоры – Ахметов Бектурган Султангалиевич

ОӘБ төрағасының орынбасары – Алишева Галия Адиловна

ОӘБ негізгі мақсаты ТЖКОБ ұйымдарындағы білім, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды дамыту мен үйлестіру, оқу процесінің мазмұнын жаңарту, оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын, ОӘК әзірлеу және рецензиялау болып табылады.
ОӘБ мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ТЖКОБ жүйесінің нормативтік-құқықтық құжаттарын өзгерту және толықтыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының, ТЖКОБ білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мен жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізеді;
3) ТЖКОБ жүйесіндегі білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) ОӘБ әзірлеген ТЖКОБ оқу-әдістемелік құжаттамасын, сондай-ақ оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдарын іске асырады және таратады;
5) ОӘБ бейіндері бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТЖКОД ұйымдарынан ОӘБ жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық және өзге де материалдарды сұратады;
6) колледждердің білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарын дамыту мәселелері, сондай-ақ оның құзыреттіне жататын басқа да мәселелер бойынша ұсыныстарды зерделеу және дайындау үшін жұмыс тобын құрады;
7) оқу процесін ұйымдастыру бойынша ТЖКОБ ұйымдарына консультациялық көмек беруді жүзеге асырады;
8) озық тәжірибені зерделеу, тарату, ТЖКОБ ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсынымдар әзірлеуге қатысады;
9) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу аудиовизуалды құралдарын жасау үшін авторлық ұжымдар қалыптастырады;
10) ОӘБ туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды және оны РОӘК жұмыс органына жолдайды;
11) жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылдайды.
12) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавриат үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарларына, оқу-әдістемелік құралдарына, білім беру бағдарламаларына, әртүрлі бағыттағы және әртүрлі деңгейдегі тест тапсырмаларына, арнайы оқу бағдарламаларына, өзектендірілген үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұны және әдістемелік сүйемелдеу мәселелеріне қатысты басқа да құжаттарға сараптама жүргізеді;
13) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтары бойынша оқу бағдарламаларын, оқу әдебиеттерін, аударылған шетелдік оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын, рецензиялауды жүзеге асырады;
14) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавриат үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарларын, оқу-әдістемелік құралдарын, білім беру бағдарламаларын, әртүрлі бағыттағы және әртүрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын, арнайы оқу бағдарламаларын, өзектендірілген үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұны және әдістемелік сүйемелдеу мәселелеріне қатысты басқа да құжаттарды әзірлеу бойынша консультациялық қызмет көрсету үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру оқу орындарынан және жұмыс берушілерден кандидатуралар ұсынады.

Жиһаз өндірісі-Мебельное производство

Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)-Сварочное дело (по видам)

Слесарлық іс (салалар және түрлері бойынша)-Слесарное дело (по отраслям и видам)

Жылжымайтын мүлікті басқару-Управление недвижимостью