Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан колледждерінің педагогтары арасында Құрғақ құрылыс бойынша халықаралық кәсіби байқау аяқталды

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан колледждерінің педагогтары арасында Құрғақ құрылыс бойынша халықаралық кәсіби байқау аяқталды. Барлық қатысушылар өздерінің білімдерін, дағдыларын лайықты деңгейде көрсетті, өз мүмкіндіктерін тексерді және баға жетпес тәжірибе жинады.
🥇🥇І орынды Қазақстанның қатысушысы, колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Мұхамбетжанов Ғалым және Өзбекстан атынан Әзімов Әзизбек иеленді.
Қазақстандық Зиноллин Дәуренге 🥉ІІІ орын бұйырды.
Номинацияда:
🎖️Білікті гипсокартоншы-Қоңырбаев Дінмұхаммед;

🎖️Бес аспап шебер-Кайл Виталий,

🎖️Жеңіске деген ерік -Мажидов Ғиясиддин;

🎖️Қауіпсіз еңбек номинациясы - Осконов Бақтыбек
иемденді.
Барлық жүлдегерлер мен қатысушыларды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз. Баршаңызға кәсіби биіктерге жетуді тілейміз!!!🥳🥳🥳🥳