«Халықаралық тәжірибе – кәсіби өсу қадамы» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Колледжде Түркия, БАӘ және Финляндияда педагогтерінің шетелдік тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша «Халықаралық тәжірибе – кәсіби өсу қадамы» тақырыбында қалалық семинар өтті. Педагогтер халықаралық тәжірибені оқу-өндірістік үдеріске енгізу бойынша аралық баяндама жасады. Спикерлер дөңес рельефтерді жасаудың және көлемді конструкцияларды безендірудің жаңа техникасы, СБҚ станоктарының көмегімен жиһаз өндірісіндегі сәндік-көркемдік жұмыстар, лазерлік дәнекерлеуге арналған шеберхананы дайындау, баламалы энергия, мониторинг жүйесі және энергетикалық ресурстарды басқару туралы ақпараттар берді.
ҚББЖТҒӘО ТжКББ бөлімінің жетекшісі - Сүлейменова Гүлнар Жәлелқызы колледждегі өзгерістерге және халықаралық тәжірибені сәтті енгізуге оң баға берді.
Семинар соңында қатысушылар Алматы құрылыс-техникалық колледжінің ұжымына алғыстарын білдірді. Барлығына кәсіби дамуында сәттілік тілейміз!