Бүгін Наурызнаманың бесінші күні – «Ұлттық киім күні» құтты болсын!

Бүгін Наурызнаманың бесінші күні – «Ұлттық киім күні» құтты болсын! Қазақы ою мен әшекейлер, сәукеле мен кимешек, шапан мен кең етекті көйлек ұлттық болмысымызды жоғалтпай айшықтап тұратын символ.
Ұлттық киім күні – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді. Ұлтымыздың ұлылығын айқындап, өз құндылығын жоғалтпаған ұлт бейнесін сақтау маңызды.