2025 жылғы 24 сәуірде Алматы құрылыс-техникалық колледжінде Жұмысшы мамандықтар жылы

2025 жылғы 24 сәуірде Алматы құрылыс-техникалық колледжінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Оқу-ағарту министрлігінің жоспарына сәйкес «One School - One Skill» жобасын іске асыру басталды. «Сантехникалық жұмыс негіздері» құзыреттілігі бойынша бастапқы дағдыларды алу үшін №169 мектеп оқушылары шақырылды.
Практикалық сабақтар барысында оқушылар сантехникалық жұмыстардың негіздерімен танысты, осы саладағы қарапайым операцияларды орындау үшін қажетті дағдыларды алды. Шеберлік сыныптарын өткізіп, өндірістік оқыту шеберлері осы мамандықта қолданылатын заманауи технологиялар мен жабдықтарды көрсетті.
Жоба мектеп оқушыларын ерте кәсіптік бағдарлауға, жұмысшы біліктіліктеріне қызығушылықты дамытуға және болашақта пайдалы болатын қарапайым практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.