
Бүгін 05.05.2025 жылы колледжде «Жиһаз өндірісі» және «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша болашақта қала экономикасына қажетті кадрларға деген көзқарасты қалыптастыру мақсатында форсайт сессиясы өтті. Сессия жұмысына әлеуметтік серіктес кәсіпорындардың өкілдері, осы мамандықтар бойынша кадрлар дайындайтын колледждердегі әріптестер және біздің оқытушылар қатысты. Компания өкілдері еңбек нарығындағы жаңа кәсіптер мен трендтер туралы және алдағы жылдары қандай мамандықтар сұранысқа ие болатыны туралы көптеген пайдалы идеяларды ұсынды. Пікірталас диалог алаңы форматында өтті. Келешегі зор идеялар мен болжамдар жиналғандар арасында қызу пікірталас тудырды.