“Жұмысшы мамандықтары жылы”

“Жұмысшы мамандықтары жылы” қарсаңында Қазақстанның барлық өңірінен 30 түрлі мамандық бойынша 555 қатысушының басын қосқан чемпионат алаңында қызу сайыс басталды.Мемлекет басшысы тапсырмасының жүзеге асуының арқасында еліміз осы қозғалыста әлемдік деңгейде айтарлықтай жетістіктерге жетіп жатыр.
Алаңда жеңіске жеткен қатысушылар ұлттық құраманың қатарына қосылып, ел намысын қорғайтын болады. Қатысушылардың талпыныстарын байқап, шеберліктерін көру мақсатында келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Құспеков Олжас Хайроллаұлы мен Құспан Абзал Темірғалиұлы ТжКБ саласындағы түрлі жобалардың жүзеге асуына ат салысатындарын жеткізді.Оның ішінде WorldSkills алаңының құрылысы, интеллектуалды бағдарламалар,телевизиялық шоуларды атап айтуға болады.
Жұмысшы мамандықтарының беделі артып,мерейі үстем болатынына сеніміміз мол