Ғани Бектайұлы Бейсембаев жұмыс сапарымен келді

26.04.2024 жылы колледжімізге Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев жұмыс сапарымен келді. Алматы қаласы Білім басқармасы және колледж басшыларымен кездесіп пікір алмасты. Онда тәрбие жұмысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Жиында айтылған ұсыныстарды министрлік қарап, түйткілді мәселелер бақылауға алынатынын жеткізді.
Сонымен қатар, Ғани Бектайұлына колледждің өндірістік базасы, ресурстық орталықтар мен оқу-өндірістік шеберханалары таныстырылды. Білімді әрі іскер студенттеріміз заманауи материалдық-техникалық жабдықтарда өз шеберліктерін көрсетті.